Шымкентте арнайы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

Шымкентте қыс мезгіліне авариялық-құтқару және қалалық жол қызметі техникаларының дайындығы пысықталды. Биыл шаһар тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алыныпты. Шараға қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов келіп, жауапты мекемелердің қысқа əзірлік жұмыстарымен танысты. 

Шымкент: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді

Үшінші мегаполисте «Жоғары білім берудегі интернациолизация және инновация» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мерейтой иелерін құттықтап, құрмет көрсетті. 

Шымкент: Әлеуметті толғандырған инфрақұрылым мәселесі шешіледі

Шымкент қарқынды дамып келеді. Әрине, мегаполисте әлі де сапалы ауызсу, электр энергиясы, газ, кәріз жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер бар. Бұл түйткілдер алдағы уақытта біртіндеп шешімін табады. Қазір шаһардың шетіндегі елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өйтені бұл проблемалар Үкімет бақылауында тұр. 

Осы RSS каналға жазылу